Біреудің ақысын жеу туралы тәмсіл
Жағдайы жоқ бір бейшараның әйелі күнде қолдан май жасаса, оның күйеуі дайын болған майын жергілікті дүкеннің біріне жеткізіп саудалайды екен. Әйелі майды дөңгелек пішінді етіп, әрбірін бір келіден жасайды. Осылайша кедей отбасы бір күннен екінші күнге әсте-әсте жетіп, үйге қажетті заттарын алады екен.
Күндердің бір күнінде сатушы кедейден күдіктеніп, дөңгелек пішінді майды өлшеп, оның салмағы 1 келі емес 900 грамм екенін біледі. Содан келесі күні бейшара тауарын арқалап дүкеншіге келген кезде ол ашуға булығып: "Мен енді сенен ештеңе алмаймын. Сен маған 1 келі майды 900 грамм деп сатып жүрсің", − дейді. Мұны естіген бейшараның көңілі босап, дүкеншіге жалбарына бастайды: "Құдай үшін кешіре көріңіз. Олай істей көрмеңіз. Біз үйде таразы болмағандықтан, сізден алып жүрген 1 келі қантымызды сонымен өлшеп жүрміз", − дейді.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:48, 10 желтоқсан 2021
Суықта ағзаға қуат беретін 8 азық-түлік аталды
-
23:00, 8 желтоқсан 2021
Диетолог танымал екі салаттың құрамын өзгертуді ұсынады
-
19:39, 7 желтоқсан 2021
Шығыс жұлдызнамашылары 2022 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты
-
15:30, 13 қаңтар 2020
Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?
-
10:52, 23 шілде 2018
Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады