Балаларда кездесетін жарық /грыжа/ түрлері

16:24, 24 наурыз 2017

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сүйенсек сәбилерде туа пайда болатын ақаулар саны азаяр емес. Сондай Туабітті ақаулардың біріне жарықтардың түрлері жатады. Жарықтардың қауіптілігі сол – сыртқа шыққан ағзаның қысылып қалуы. Бұл жерде қан тамырлары, нерв талшықтары қоса қысылып, жаншылған тіннің шіруіне алып келеді. Мұндай жағдай өз кезегінде өте қауіпті асқынулар тудырады. Жарықтардың қай жерде қалай пайда болуының себебі де түрліше. Жалпы балаларда 40-50 пайызға дейін 5-6 жасқа дейін жоспарлы операциямен алып тастайды.

 

 Туа пайда болған жарықтар арасында жиі кездесетіні – көкет жарығы. Ол көбінесе көкеттің дұрыс жетілмеуінен, әлсіздігінен пайда болады.  Бұл жағдайда ішкі ағза асқазан ішек жолдары, бауырдың бір бөлігі, бүйрек көкірек қуысына ығысады да, сол жерде дамып жарық пайда болады. Аталған жәйт өкпе тінінің дамымауына, жүректен шыққан кейбір қан тамырларының ығысуына алып келеді. Мәліметтерге сүйенсек, кей мемлекеттерде сәбидің аталған ақаумен дүниеге келуіне шектеу қойылады екен.

 Туа пайда болатын күрделі жарықтың тағы бір түрі ми жұлын жарықтары. Бұл да жарықтың ауыр түріне жатады. Өйткені, жарықтың қалташасына мидың немесе жұлынның бір бөлігі шығып кетуі мүмкін.

 Жарықтардың келесі бір тобы шап, ұма, кіндік жарықтары. Олар туа пайда болғанымен уақыт өте келе байқалады. Оған жоспарлы түрде операция  жасалады. Туа сала нәресте өміріне қауіп төнбегендіктен уақыт өте келе тиісті шаралар жүргізіледі. Оның да өзіндік көрсеткіштері бар. Шап жарығымен туылған балалар 2-3 жастан 5 жасқа дейін емделуі керек. Кіндік жарықтарына операция 5 жастан кейінжасалады. Бұл жарықтар көбіне ер балаларда кездеседі. Бала өзінің жасына және күшіне сай дене жаттығуларын жасағаны дұрыс. Себебі, өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің бұлшық еті әлсіз келеді. Ал бұлшық етке күш түскеннен жарық пайда болуы ықтимал. Егер қыз балаларда шап жарығы кездессе оған ата-аналар бей-жай қарамағаны абзал. Өйткені қыз баланың шап жарығында аналық без болады. Аналық без қысылып, жаншылған кезде дамуы нашарлап келешекте бедеулікке алып келуі мүмкін.

 

АТА-АНАЛАР ОСЫ РЕТТЕ МЫНА ЖӘТТЕРДІ ЕСТЕ ҰСТАҒАНЫ ЖӨН:

  • Балаңыздың шап аймағынан, кіндік айналасынан, іштің төменгі бөлігінен томпаюлар білінсе, салғырт қарамаңыз;
  • Дәрігер жарық бар екенін айтса, дереу балалар хирургінің қабылдауына жазылыңыз.
  • Сәбиіңізге туабітті жарық диагнозы қойылса, уақыт оздырмаңыз. Өйткені, жарық ауруының емделетін белгілі уақыттары бар.
  • Жарық бірден баланы мазаламауы, ауру сезімдері байқалмауы мүмкін. Ауырмайды деп жүре бермеңіз.

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!