Бақытты болудың бір сыры

13:47, 22 қаңтар 2017
1239

Әр адам бақыттың не екенін әрқилы түсінеді. Ұғымы мен танымындағы бақытқа жетуге талпынады. Талпынып қана қоймай, соған жетсем деп мақсат қояды. Ал оған қалай жетуге болады?

Жақында британдық ғалымдар адамдар бақытты болу үшін не істеу керек екенін анықтау мақсатында арнайы жүргізген зерттеуінің қорытындысын шығарды. Алты жүзден астам адамнан сауалнама алып, бақыттың сырын іздеген. Сауалнамаға қатысушыларға таланты, адамгершілігі мен ар-намысына қатысты сұрақтар қойған. Бойындағы бұл қасиеттерін қалай пайдаланатынын сұрап, арнайы тапсырмалар берген. Ол тапсырмалар бойынша еріктілер өз таланты мен адамгершілігін кез келген ортада әжетіне жарата білуі тиіс болған. Нәтижесінде зерттеушілердің тапсырмаларын орындаған адамдардың өмір туралы көзқарастары бастапқыдан айтарлықтай өзгерген. Ал жарты жылдан зерттеушілер тәжірибеге қатысушы адамдардың бақытты екендіктеріне көз жеткізген.

Британдық зерттеушілердің қорытындысы бойынша, бақытты болудың бір сыры - бойдағы талант пен адамгершілікте екен. Оларды күнделікті өмірде пайдалана білсеңіз, сіз бақытты жандардың қатарындасыз. Сондай-ақ зерттеушілер өзгелердің сіз туралы айтқан сөздеріне көп мән бермеуге де кеңес береді. Адам жүрегінің қалауы мен көңілі түскен тірлігін жасаса, өзін бақытты сезінеді екен. 

 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!