Жылытуға төленген қаржы халыққа қайтарылады

10:30, 23 шілде 2018
350

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz – 2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңінің жылумен жабдықтау қызметіне төленген қаржы халыққа қайтарылады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті жән тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстанның барлық өңірінде жылумен жабдықтау қызметі құнын қайта есептеу жұмыстарын жүргізді.

«Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес, табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтарады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен, 2017-2018 жылдар жылыту кезеңі үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне халыққа қаражатты қайтарудың жалпы сомасы, ҚҚС-ты қоса есептегенде, 1 012 720, 38 мың теңгені құрады.

Осылайша, өңірлер бөлінісінде 2017-2018 жылдардағы жылыту кезеңі үшін қайта есептеу сомасы (ҚҚС-пен):

– Алматы қаласы бойынша – 376 510,85 мың теңгені;

– Алматы облысы бойынша области – 948,45 мың теңгені;

– Ақмола облысы бойынша – 10 242,94 мың теңгені;

– Атырау облысы бойынша – 10 167,70 мың теңгені;

– Ақтөбе облысы бойынша – 21 880,24 мың теңгені;

– Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 157 619,96 мың теңгені;

– Жамбыл облысы бойынша – 31 726,18 мың теңгені;

– Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12 955,87 мың теңгені;

– Қарағанды облысы бойынша – 266 888, 79 мың теңгені;

– Қостанай облысы бойынша – 21 733,76 мың теңгені;

– Қызылорда облысы бойынша – 54 812,95 мың теңгені;

– Маңғыстау облысы бойынша – 306,51 мың теңгені;

– Павлодар облысы бойынша – 10 859,45 мың теңгені;

– Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 1 766,76 мың теңгені;

– Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34 299,97 мың теңгені құрады.

Бұл ретте, Астана қаласы бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеуден халыққа қаражатты қайтару жүргізілмейді, себебі Астана қаласының аумағында жылумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, айлар бойынша бөліністе жылу үшін төлем мөлшерін түзетуді ай сайын жүргізеді.

Атап өтсек, қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында жылыту кезеңінде не күнтізбелік жылға аванс (сальдо) түрінде жеке жолда көрсетіледі.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!