Жыл басынан бері төл валютамыз 1,4 пайызға әлсіреді — Ұлттық банк басшысы

11:41, 20 қыркүйек 2017

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz — Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын анықтайтын жағымды фундаменталды факторларға қарамастан валюта нарығында құбылмалылық сақталып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

«Девальвация болуы мүмкін деген болжамдардың ықпалымен шетел валютасына деген сұраныс артып, доллардың бағамы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 337 теңгеге тең болды. Яғни теңге 0,3 пайызға арзандады. Жыл басынан бері төл валютамыз 1,4 процентке әлсіреді», —  деді Д.Ақышев.

Оның сөзінше, Ұлттық банк шетел валютасына деген ұсыныстың аздығынан 2017 жылдың тамыз бен қыркүйегінен оның сатушысы болды. Тамызда Ұлттық банктің нетто-интервенциялар ауқымы 70 млн АҚШ долларына тең болды.

«Ұлттық банктің болжамдары бойынша, егер мұнай бағасы барреліне 50 АҚШ долларынан кем болмаса, ал, Ресей рублінің құны бір долларға шаққанда 59-60-тан асып түспесе теңгенің АҚШ долларына деген бағамы осы деңгейде сақталады», — деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы елдің алтын валюта қорының өсімі туралы айтты.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, елдің алтын валюта қорының өсімі 11,6 пайызға немесе 32,9 млрд долларға көбейген. 2017 жылдың тамызында елдің халықаралық резервтерінің жалпы құны (ұлттық қордың активтерін қоса алғанда) 58 млрд долларға артып, 91 млрд долларға жеткен. Бұл ЖІӨ-нің 61 пайызы», — деп сөзін аяқтады Ұлттық банк басшысы.

Дереккөз: abctv.kz

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!