Жыл басынан бері қазақстандықтар 840 млрд теңгеге тауар сатып алды

10:35, 24 мамыр 2019
229

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Қазақстандықтар 2019 жылдың сәуір айында еліміздің дүкендері мен базарында 840 млрд теңге қалдырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға артық, деп мәлімдеді Ranking.kz.

Бөлшек сауданың едәуір өсуі Түркістан облысында (бір айда+13,7%), Шымкентте (+8%) және Алматыда (+6,7%) байқалады. Ал Қызылорда облысында (-18,3%), Атырау облысында (-5,1%) және Ақтөбе облысында (-4%) көрсеткіштер азайды.

Алматы мен Нұр-Сұлтан үлесіне сәуір айындағы бөлшек сауда көлемінің 43,8%-ы келеді: Алматыда — 32,5% (бір жыл бұрын — 30,2%), елордада — 11,2% (бір жыл бұрын — 12,1%).

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым. 2019 жылдың сәуірінде қазақстандықтар осындай тауарларды 553,5 млрд теңгеге сатып алды (жылдық өсім — 11,7%) — бұл ҚР бойынша ритейл көлемінің 66%-ы. Азық-түлік тауарларының үлес салмағы 34% немесе 285,5 млрд теңгені құрайды (жыл ішінде +17%).

Айта кету керек, ауылдық жерлерге бөлшек сауданың 7,7%-ы ғана тиесілі. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,6%-ға ғана көп.

Сәуір айының қорытындысы бойынша алкоголь мен темекі өнімдерінің бөлшек сауда бағасы бірден 9,8%-ға өсті. Екінші орында киім мен аяқ киім: 8,2%.

Сондай-ақ, ең жылдам қымбаттаған тауарлардың ішінде үй тұрмысындағы заттар, тұрмыстық техника және тұрғын үйге ағымдағы қызмет көрсету (жылдық өсім +7,1% )бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!