Жыл басынан бері әуе көлігімен 1 млн-нан астам жолаушы тасымалданды

14:08, 15 наурыз 2018
455

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының авиациялық тасымал саласындағы жолаушылар ағынының өсімі артып келеді. 2018 жылғы қаңтар-ақпанда әуе тасымалы жолаушыларының саны 1 090,3 мыңға жетті. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (911,0 мың адам) 20 пайызға артық.

Анықтама үшін: 2017 жылы әуе көлігімен 7,4 млн жолаушы тасымалданды. 2017 жылғы жолаушылар ағынының өсу қарқыны 23 пайызды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30 пайызға, жүк тасымалы 24 пайызға артқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!