Жұмыстан бас тартқан көпбалалы адамдарды АӘК-тен айыру ұсынылады

16:35, 7 қазан 2019

Нұр-Сұлтан. 7 қазан. 7kun.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Бұл туралы
Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Басты бағыт — аз қамтылған азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге қатысты еңбекке ынталандыру», — деді министр.

Оның айтуынша, ұсыныстар көпбалалы аналарды қолдау мен АӘК-ті жаңғыртуды қамтиды.

«Аз қамтылған балалардың 60%-дан астамы — көп балалы отбасынан шыққан балалар. Осығанбайланысты АӘК алушыларды көп балалы отбасылар құрамынан шығаруды және оларға табысына қарамастан мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көп балалы аналардың беделін мойындау, олардың материалдық әл-ауқатын арттырады. Көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы 42500 теңгеден 73375 теңгеге дейін сараланған мөлшерде белгілеу ұсынылады», — деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, АӘК өмірде қиын жағдайға тап болған және өздігінен шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға тағайындалуы тиіс.

«Осыған байланысты келесі негізгі механизмдер ұсынылады. Біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайынғы тағайындалуын қайтару, тиісінше, шартты және шартсыз көмек ретінде үш айға тағайындау. Бұл, бір жағынан, АӘК алушылардың өз табысын жасыруға мүмкіндік болатын теріс пайдалану жағдайларын болдырмайды. Екінші жағынан, жан басына шаққандағы отбасының кірісі әрдайым өзгере бермейді — олар төмендеуі де мүмкін. Тоқсан сайын АӘК тағайындау үшін өтініш білдіргенде АӘК мөлшері артуы мүмкін» — деп атап өтті министр.

Екіншіден, отбасының барлық мүшелері үшін АӘК-тің мөлшері кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырмашылық ретінде айқындалатын болады.

«Үшіншіден, егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ұсынылған белсенді шараларынан бас тартса, онда ол және оның барлық отбасы мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады. Сондай-ақ, баланы күтуді жүзеге асыратын анаға үш жасқа толғанда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады. Төртіншіден, учаскелік комиссияның қызметін күшейту. АӘК алушылар үлкен үйде тұрған мысалдар аз емес», -деді Нұрымбетов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!