Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға 12,9 млрд тенге бөлінген

16:12, 17 шілде 2018

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Шәкербек Мәріпбек Шәкербекұлы қатысуымен брифинг өткізілді.

Мәріпбек Шәкербекұлының айтуынша, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылға жалпы көлемі 12.9 млрд тенге қаражат бөлінген, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 5,3 млрд.тенге, жергілікті бюджеттен – 7,6 млрд. тенге бөлініп, 16 482 адамды бағдарламамен қамту жоспарланған.

         2018 жылдың 1-ші шілдесіне дейінгі мәлімет бойынша Жамбыл облысында қысқа мерзімдік курстар (1 айдан 6 айға дейін) 41 оқыту орындарында (колледждер, оқыту орталықтары) 2 890 адам 65 мамандық бойынша оқуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысы кәсіпорындарына жүргізілген сауалнама нәтижесінде 72%-ында штаттағы қызметкерлердің саны өзгеріссіз қалмақ, 26 пайызында өсім күтілуде және 2,1%-ы қызметкерлердің санын қысқарту жоспарда бар.

2017 жылы жоба аясында Жамбыл облысында оқыту 6 ауданды ғана қамтып, 1 125 адам оқытылды. Олардың 832-і қатысушысы бизнес-жобаларын қорғап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Шағын несие ұйымдары, Агро несиелік корпорация мекемелеріне қаржыландырылу үшін ұсынылды. 296 адам несие алып, өз кәсіптерін ашты.

2018 жылы жоба өңірдің барлық аудандарында өтіп жатыр. Жоспар бойынша 2 347 адам оқытудан өтуі тиіс, кемінде 469 тыңдаушы өз кәсібін ашады деген жоспар қойылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!