Жүгіруден көктемгі жарысқа 1200 адам қатысты

13:08, 18 наурыз 2019

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылы 16 наурызда Баум тоғайында «Алматы марафонына» дайындық шеңберінде жүгіруден көктемгі жарыс өтті. Оған 1200 әуесқой жүгіруші қатысты.  

Жарысқа қатысқандардың ең кішісі – 10 жаста, ал үлкен қатысушы – 82 жаста.

«Көктемгі жүгіру жарысы спортпен барлық жастағы адамдар айналыса алатынын дәлелді. Көпшілік үшін жүгіру – жай ғана спорт емес, өмір философиясы. Қаланың Баум тоғайы, Тұңғыш Президент Саябағы тәрізді орындары – жүгіру және үлкен сөрелерге дайындалу үшін жағымды келетін алаңдар», – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.  

Сөреге бірінші болып 3 км балалар қашықтығына (10-14 жас) қатысушылар шықты. Ұлдар арасында  – Доминик Боловинцев, ал қыздар арасында – Рима Гранкина мәреге бірінші болып жетті.

Жарыс жеңімпаздары 1-ші орын үшін 50 000 теңге, екінші орын үшін 30 000 теңге, үшінші орын үшін 20 000 теңге ақшалай сыйлықтар алды.

13 км қашықтықты ерлер арасынан Михаил Красилов 41 минут 6 секундта, ал әйелдер арасынан Бишкек қаласынан келген Юлия Фернас 52 минут 1 секундта жүгіріп өтіп, ең үздік нәтиже көрсетті.  

«Маусымдық жарыстар – үлкен сөреге дайындалуға тамаша мүмкіндік. Биыл мен 21 км қашықтықтағы жартылай марафонға үшінші мәрте қатысамын… Спорт қуат береді, мақсат қойып, оған жетуге үйретеді. Бұл бізді шынықтырып, күшті ете түседі», – дейді «Алматы марафонының» бренд-амбассадоры, атлет Асқар Аманбаев.  

Жүгіруден көктемгі жарыс – 21 сәуірде өтетін «Алматы марафоны -2019» жарысына дайындалуға трамплин, ақырғы дайындалу сатысы. Орталық Азиядағы ірі спорттық шараға almaty-marathon.kz сайтында 1 сәуірден бастап тіркелуге болады.

Айта кетейік, «Алматы марафонына» дайындалуға қатысқысы келетіндер апта сайын, әр сенбіде сағат 10:00-де Тұңғыш Президент Саябағында өтетін ашық жаттығуларға қатыса алады.

Жүгіруден көктемгі жарыстың ұйымдастырушылары – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Ал жарыстың бас серіктесі – Kaspi.kz.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!