Жомарт Ертаевты қамауға алу мерзімі тағы да ұзартылды

17:26, 16 тамыз 2019
422

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ертаевқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 6 айға дейін, яғни 15 қыркүйекке дейін ұзарту туралы қаулы шығарды», — делінген Алматы соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Жомарт Ертаев Ресейде ұсталып, 2019 жылы 15 наурызда Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 2011-2017 жылдары «BANK RBK» АҚ-нан 144 млрд теңге ұрлықты басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы ұйымдастыруды деп күдіктелуде.

Ертаевпен бірге 54 адам ақша «жымқырды» деген күдікке ілінеді, олардың ішінде 40-тан астам топ-менеджерлер мен банктің қатардағы қызметкерлері — бұған дейін банктің экстрадицияланған акционері Бақыт Ибрагим, Мажинов, Туғанбай, Едігенев, Мамырбеков, Шәріпов және басқалары бар.

Тергеу барысында қабылданған шаралармен 15 млрд теңге өтелді және 48 млрд теңгеніғ мүлкі тәркіленді. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлармен іс бойынша тергеу аяқталды, процеске қатысушылар материалдармен танысады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!