Жол белгілері талапқа сай ма?

12:17, 14 шілде 2022
3447

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz — Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары Алматы көшелеріндегі жол белгілерін қатаң тексеруді бастады деп хабарлайды 7kun.kz.

“Жол активтері ұлттық сапа орталығының” Алматы филиалының мамандары қала көшелеріндегі жол белгілері мен таңбаларды қатаң тексере бастады. Олар арнайы құрылғылардың көмегімен белгілердің жарыққа шағылысу деңгейін анықтап, таңбалардың талапқа сай болуын қадағалауда. 

Орталық мамандарының айтуынша, әзірге өрескел олқылықтар анықталмады. Егер таңбалардың талапқа сай еместігі анықталса, тапсырыс берушіге арнайы хат жазылады. Бұл ретте әкімдікке хат жазылуы мүмкін. Онда мердігер компания шұғыл түрде жол белгісін немесе таңбаны талапқа сай етіп қайта жасауға міндеттеледі. Себебі жол белгілері қозғалыс қауіпсіздігі үшін өте маңызды қызмет атқарады. 

Алматы қаласында “Жол активтері сапа орталығының” бақылауындағы 3000 шақырым жол бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!