Жиналмалы Galaxy Fold алғашқы күннен сына бастады

15:44, 18 сәуір 2019
419

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Samsung Galaxy Fold жиналмалы смартфонын тестілеуден өткізген журналистер мен блогерлер әлеуметтік желілерде оның алғашқы күннен бастап сына бастағанын хабарлады.

Quartz басылымының шолушысы Майк Мерфи бұл туралы Twitter-де жазып, дәл осындай жағдайға тап болған әріптестерін де белгіледі.

Мерфи белгілеген редакторлар тестілеу қорытындыларымен бөлісті. Bloomberg-дегі Марк Гурман қорғаныс пленкасын алғаннан кейін иілу орнында сызат пайда болғанын жазды. Ал оның екі әріптесі қорғаныс пленкасымен де осындай жағдайға тап болды.

Сондай-ақ, смартфонды тестілеуден өткізген CNBC журналистері Стив Ковач(1 күнен кейін) пен Тод Хэселтон (2 күн) Galaxy Fold-тың экранының жартысы жұмысын істемей қалғанын мәлімдеді.

Блогер Маркес Браунли де экраннан қорғаныс пленкасын алып тастады, соның әсерінен дисплей қап-қара болған. Ол Twitter-де қорғаныс пленкасын алмауға кеңес берді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдыың ақпан айында Samsung Electronics компаниясы ұялы құрылғылардың жаңа түрі Galaxy Fold смартфонын шығарды. Galaxy Fold моделі әлемде алғаш рет диагоналі 7,3 дюйм болатын Infinity Flex Display жақтаусыз экранымен жабдықталған. Смартфондар сатылымға сәуір айының соіында шығарылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!