Жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі 8 трлн теңгеге жетті

13:32, 18 маусым 2018
299

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың сәуір айының аяғында жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі 8,1 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде өсім 17,5% (1,2 трлн теңге) болды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Зейнетақы қаражаты жинақталған салымшылардың зейнетақы шоттарының саны 9,9 млн данаға жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға (73,9 мың) артық.

2014 жылға дейін барлық жинақталған зейнетақы қаражаттары міндетті зейнетақы жарналарының есебінен болды. Ол сәуір айының соңында 99,9% құрады.

Алдағы төрт жылда олардың үлесі төмендеді . 2018 жылдың сәуір айының соңында міндетті зейнетақы жарналарының үлесі 98%-ды құрады, бұл бір жыл бұрын 98,3% болған еді.

Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 2017 жылы 1,6%-дан 2%-ға дейін өсті. Ал, ерікті зейнетақы жарналарының үлесі өзгеріссіз қалды – 0,02%.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!