Жергілікті бюджетке түскен түсімдер 13%-ға артты

11:49, 17 маусым 2019
88

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың қаңтар–сәуір айларында жергілікті бюджетке түскен түсімдер 1,5 трлн теңгеге жетіп, 13%-ға артты, — деп хабарлайды Finprom.kz.

2018 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке түсімдер жылына 7,5%-ға қысқарып, 1,3 трлн теңгені құрады.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің ең көп сомасы Алматы қаласына тиесілі — 173,6 млрд теңге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға артық (162,5 млрд теңге).

Екінші орында – Түркістан облысы – 153,9 млрд теңге; үшінші орында — Алматы облысы – 132,1 млрд теңге, сомасы өткен жылмен салыстырғанда 20,5%-ға (109,6 млрд теңге) өсті.

Сондай-ақ, алғашқы бестікке Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары кірді, жергілікті бюджетке түскен түсімдер тиісінше 108,7 млрд және 102,8 млрд теңгені құрады.

Алғашқы бес облыс Қазақстанның жергілікті бюджеттер кірістерінің жалпы сомасының 45,1%-ын құрайды.

Трансферттер есебінсіз жергілікті бюджеттің кірісі 761,2 млрд теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға (728,3 млрд теңге) артық . Оның ішінде салықтық түсімдер 708 млрд теңгеге жетті, өсім жылына 5,4%-ды құрады. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жылына 17,6%-ға, 32,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал салықтық емес түсімдер 27,9%-ға, 28,6 млрд теңгеден 20,7 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Өз кезегінде, ағымдағы жылдың төрт айында трансферттер түсімі 727,1 млрд теңгені құрап, жылына 23,5%-ға артты.

Источник: 7kun.kz


Пікір