Жер шетелдіктерге сатыла ма?

15:29, 15 шілде 2019

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды жерді сату және жалға алу мүмкіндігін анықтауға шақырды.

Мемлекет басшысы ауылшаруашылық алқаптарын түгендеу барысында пайдаланылмаған 16,5 млн гектар жер анықталғанын атап өтті.

«Бұл проблеманың бір бөлігі ғана. Мен үкіметке барлық ауылшаруашылық жерлерді тексеріп, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Бұл мәселені тиімді шешпей, ауылды дамыту мүмкін емес. Бұл қиын екенін түсінеміз, бұл жерде ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді әрекеті қажет. Бұл жұмыстарды келесі жылдың аяғына дейін аяқтау маңызды. Яғни бәрін цифрлау қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға бақылауды нормативтік және іс жүзінде күшейту қажеттігін атап өтті.

«Жер сол жерде жұмыс істейтіндерге тиесілі. Үкімет жердің рационалды пайдаланылуын қадағалай бастады. Бұл жұмысты соңына дейін аяқтау қажет. 2021 жылы жер кодексінің нормаларына енгізілген мораторий аяқталғанда біз жер мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Парламент мүшелері, халық осы мәселе бойынша өзі шешім қабылдайды», – деп түйіндеді Тоқаев.

Ал, шетелдіктерге келер болсақ, жер оларға сатылмайды

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!