Жеңіс Қасымбек: 2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,3 пайызға өсті

10:52, 17 сәуір 2018

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,3 пайызға өсті. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 5,1 пайыз, өндеу өнеркәсібінің өсімі 6,2 пайыз. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

Тау-кен өнеркәсібінде түсті металдар кенін өндіру көлемі 2 пайызға және темір кенін өндіру көлемі 3,7 пайызға өсті.

«Өндеу өнеркәсібіндегі жалпы салалар бойынша оң серпін бар. Айталық, Метарллургия өнеркәсібінде 5,6 пайыз; химия өнеркәсібінде 14,3 пайыз;  машина жасауда 9 пайыз; фармацевтикада 10,2 пайыз; құрылыс материалдарын өндіруде 3,9 пайыз; жеңіл өнеркәсіпте 3 пайыз өсім бар. Металлургиядағы өсім өндіру көлемінің артуымен байланысты. Атап айтқанда болат 5 пайызға, шойын 4 пайызға, ферроқорытпа мен мыс 1 пайызға, қорғасын мен мырыш 6 пайызға, алтын 58 пайызға артты»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!