Жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына 8 млрд теңге бөлінеді

17:37, 19 ақпан 2019

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылы жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Биыл екінші деңгейлі банктерді жеңілдікпен қаржыландыру жолымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 10 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Оның 8 млрд теңгесі жеңілдікпен автонесиелеуге, ал 2 млрд теңгесі коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландыруға беріледі.

Министр жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылғанын еске салды. Ол жеңіл автокөліктерді несиелеуге және коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландыруға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында 3 жылда 13 992 жеңіл автокөлік, лизингке 747 коммерциялық техника берілді.

Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сату жоспарлануда. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен бағдарлама бойынша орта есеппен жылына 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады.

Министрдің айтуынша, 18 жыл бюджеттік несие беру автомобиль жасау саласын дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:

  • жалпы сомасы 33,7 млрд теңгенің өнімін сату арқылы қосымша көлемге қол жеткізіледі;
  • өндірістің жиынтық көлемі шамамен 8 128 автокөлікке жетеді;
  • ел бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер көлемі 9,3 млрд теңгеден астам сомаға ұлғаяды.

Жобаны іске асыру үшін қаражаттар мемлекеттік бюджетте қарастырылған.

Ж. Қасымбектің айтуынша, жоба теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!