Желтоқсанда Алматы-Екатеринбург жаңа әуе рейсі іске қосылады

11:00, 16 қазан 2019

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — «Орал әуе желілері» мен Fly Arystan Алматы – Екатеринбург – Алматы және Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Мәскеу рейстерін іске қосады.

Алматыда «Орал әуе желілерінің» алғашқы рейсі 2019 жылы 22 желтоқсанда іске қосылады. Бір жаққа ұшу құны 8 750 рубльден (53 мың теңгеден көп) басталады. Екатеринбургтен ұшу жұма және жексенбі күндері жергілікті уақыт 22:00-де, Алматыдан — дүйсенбі және сенбі күндері сағат 7:15-те Airbus A320 ұшағында жүзеге асырылады. Ұшу уақыты 3 сағатты құрайды.

Бұған дейін Fly Arystan Мәскеудің «Жуковский» әуежайына Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан рейстер жіберетіні белгілі болды. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтаннан ұшулар 13 желтоқсаннан бастап орындалады, ал бастапқы бағасы 19999 теңгені құрайды деген алдын-ала ақпарат пайда болды. Авиакомпанияның баспасөз қызметі жақын уақытта жаңа рейс туралы жариялауға уәде берді.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!