Жекешелендірудің сату бағасы 216 млрд теңгені құрады

14:47, 17 шілде 2018

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бүгінгі Үкімет отырысында жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының ағымдағы нәтижелерін баяндады.

«Жылдың бірінші жартыжылдың қорытындылары бойынша жекешелендірудің кешенді жоспарының 887 объектісінен сауда-саттыққа 502-сі шығарылып, олардың 421-і сатылды. Сату бағасы 216 млрд теңгені құрады. 266 объекті қайта ұйымдастырылу және таратылу сатысында. Осылайша, сатылғандар мен қайта ұйымдастырылатын және таратылатын объектілерді қоса есептегенде, Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 77,4 процент деңгейінде қалыптасты. Есепті кезеңде сауда-саттыққа шығаруға 104 объекті жоспарланды. Іс жүзінде 89 объекті сауда-саттыққа шығарылды және 15 объекті бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Олардың ішінен 39-ы сатылды. Сату бағасы 36 млрд. теңгені құрады»,- деді Қаржы министрі.

Жалпы, жекешелендіруге жататын 63 топ объектінің бүгінгі күнге дейін 15-і сатылды. Сату бағасы 110,5 млрд теңгені құрады. 2018 жылы 39 топ объекті сатуға жоспарланып отыр. Бірінші жартыжылдықта оның 8-і сауда-саттыққа шығарылып, 2-еуі сатылды. Қалған объектілер бойынша сату алдындағы дайындық және әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!