Жастардың маңызды бастамаларын қолдауға арналған «3.2.1.Старт!» конкурсы өтеді

17:28, 20 маусым 2018
626

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – 18-27 маусым күндері Алматыда жастардың экология және әлеуметтік саладағы маңызды бастамаларын қолдауға арналған «3.2.1. Старт!» конкурсы өтеді. Бұл туралы CCI Қазақстан хабарлады.

Айта кетейік, «3.2.1. Старт!» жобасын 2017 жылы CCI Қазақстан компаниясы «Орталық Азияның Евразия Қоры» (ОАЕҚ) қорымен бірлесіп ұйымдастырған болатын. Биыл  жобаның жаңа кезеңі басталмақ. Мақсат –жастарға өңірлердегі өзекті проблемаларды анықтап, оларды кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік  жобаларын ұсыну арқылы шешуге мүмкіндік беру.

Конкурсқа 18-29 жас аралығындағы колледждер мен ЖОО студженттері, еңбек жолын жаңа бастаған мамандар қатыса алады.

Биыл жобаға 70-тен астам өтінім келіп түскен. Әзілқазылар оның ішінен  10 адамды финалға іріктеп алған.  10 үздік жас 18-27 маусым аралығында олар бизнесті жоспарлау, маркетинг, қаржыл және таныстырылым жасау бойынша түрлі тренингтерден өтеді. Оларға Биюмбаева Зарина, Рысмамбетов Расул, Тургумбаев Ерлан, Надежда Червякова мен Вахтанг Джапаридзе сынды танымал қаржы сарапшылары мен сарапшылар дәріс өтпек.

Ал 28 маусым күні конкурсқа қатысушылар жобаларын қорғайды. Нәтижесінде ең үздік жобаларды жүзеге асыру үшін грант беріледі. Биыл жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды.

Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін жоба координаторы Әзел Жәнібек +7 777 557 1027/e-mail: azel.zhanybek@cci.com.kz, Андрей Бачищеге тел.: +7 777 525 7463/ e-mail: andrey@ef-ca.org  хабарласуға болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!