Жас инноваторлардың жобалары таныстырылады

22:42, 15 желтоқсан 2019

18-желтоқсан күні Алматы қаласында Smart Point коворкинг орталығында «Jastar Innovation» жобасының қорытынды кезеңі өтеді.

Желтоқсан айының басында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Jastar Innovation» жобасы аясында жас кәсіпкерлер, стартаперлер, инноваторлар, белсенді жастарға шеберлік-сыныптар мен кездесулер өткізілді. Шараға 100-ден астам жастар қатысты. Оларға арнайы кәсіби мамандар, бизнес тренерлер дәріс берді. 

18-желтоқсан күні Smart Point коворкинг орталығында, сағат 16.00-де жоба қорытындыланып, жас инноваторлардың жобалары таныстырылады. Үздіктер анықталып, марапатталады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!