Жарты жылда елден 20 мың адам көшіп кеткен

11:20, 15 тамыз 2019

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында Қазақстандағы сыртқы көші-қон сальдосы теріс болып қалыптасты және 14,4 мың адамды құрады.

Жарты жылда елден 20,1 мың адам кетті, ал 5,6 мың адам келді.

Көшіп кеткендердің ішінде 14,5 мың адам – орыстар, 1,3 мың адам – немістер, 1,3 мың адам – украиндар, 1 мың адам – қазақтар, 454-і – татарлар, 322-і – поляктар, 233-і – белорустар, 109-і – кәрістер, 100-і – өзбектер, 63-і – шешендер, ал 44-і – молдавандар.

Бұл ретте келгендердің 3,2 мыңы — қазақтар, 1,1 мың адам — ​​орыстар, 143 — қарақалпақтар, 138 — әзірбайжандар, 136 — өзбектер, 130 — украиндар, 111 — тәжіктер, 92 — корейлер, 82 — немістер, 88 — қырғыз, 64 — татар, 37 — түрік, 23 — күрд, 22 — армян, 21 — ауған, 21 — белорус, 14 — поляк.

Көшіп кеткендердің ішінде 3,4 мың адам техникалық мамандар, 1,8 мың адам – экономистер, 974 – педагог, 558 – медиктер, 394 – заңгер, 187 – сәулетшілер және құрылысшылар, ал 161 – ауыл шаруашылығы мамандары болды.

Ал келушілердің ішінде 486 адам техникалық мамандар, 248 – экономист, 235 – педагог, 142 – медиктер, 88 – сәулетшілер мен құрылысшылар, 63 – заңгер, 46-ауыл шаруашылық мамандары.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!