Жапонияның бұрынғы премьер-министрі оған жасалған қастандықтан кейін қайтыс болды

15:02, 8 шілде 2022
3535

Жапония. 8 шілде. 7kun.kz – Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қастандықтан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды NHK.

Бұрынғы премьер-министрге қастандық 8 шілдеде таңертең Жапонияның батысындағы Нара қаласында жасалды. Полиция шабуылдаушыны қылмыс орнында ұстап, саясаткер ауруханаға жатқызылды.

Жапондық NHK телеарнасының хабарлауынша, Абэге оқ атқан адамның аты Тецуя Ямагами. Ол алғашқы куәлігінде, экс-премьерге көңілі толмайтынын, оны өлтіргісі келетінін айтты.

Сондай-ақ, Абэде оқ атқан адам Әскери-теңіз күштерінде қызмет еткені анықталды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!