Жапония Тесладан жылдам жүретін электр көлігін жасады

14:28, 21 ақпан 2018
1167

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz — Жапонияның Aspark компаниясы 1,9 секундта 96 км/сағ жүретін электр көлігін таныстырды. Ол 2017 жылы қашықтықты 2,3 секундта жүріп өтіп, әлемдегі ең жылдам жүретін көлік ретінде мойындалған Tesla Model S – тің рекордын жаңартты, деп мәлімдеді Fortune.

Жапонның Aspark автоөндірушісі  жақын уақытта мүмкін емес деп саналған нәрселерге қол жеткізді: электркөлігін жасап шығарды, 96км/сағ қашықтықты 1,9 секундта жүріп, рекордты жаңартты.

Aspark Owl деп аталатын электркөлігі әлемдегі ең қымбат машиналарды басып озды. Бағасы 3 млн доллар тұратын Bugatti Chiron – 2,3 секунд болса, ал Lamborghini Aventador — 2,7 секунд.

Әрине, Owl электр машинасының жылдамдығын бензинмен жүретін машинамен салыстыруға болмайды. Себебі электркалар бензинмен жүретіндерге қарағанда әлдеқайда жылдам болады. Сондықтан оны электр көлігі Tesla Model S – пен салыстырсақ дұрыс. 2017 жылы Тесланың 2,3 секундта жүруі рекорд болып саналған еді. Енді  Owl  1,9 секундта жүріп, рекодтты жаңартты.

Көп ұзамай Aspark Owl әлемдегі ең куатты машина болуы мүмкін, оған екі себеп бар. Біріншісі, қашықтықты бағындыру тестілеуінде жарыс шиналары қолданылды. Яғни, күнделікті өмірде оған рұқсат берілмеген. Бірақ Aspark күнделікті қолданыстағы шиналарды қолдану арқылы өзінің екі секундтық рекордтын жаңартуға жұмыс істеп жатыр.

Екінші себебі, Aspark Owl бағасы 4,4 млн доллар. Әлемдегі жылдам ғана емес, ең қымбат машиналардың бірі.

Айта кетейік, электркөліктерінен әлемдегі ең жылдам көлік қытайлық Nio EP9 көлігі болып саналады. Ол бәсекелестеріне қарағанда 20 секунд бұрын келген.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!