Жаңа жыл түні «Grand Asia» бизнес-орталығы өртенді

12:37, 1 қаңтар 2020
922

Алматы. 1 қаңтар. 7kun.kz — Алмалы ауданы Жұмалиев көшесіндегі «Grand Asia» бизнес-орталығында өрт шыққаны туралы хабар 101 қызметіне түнгі 00:31-де келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыштың сыртқы қаптамасы жанып жатқанын анықтап, 02:18-де толық сөндірілді. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. «Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тілсіз жаудың алдын ала себебі — пиротехниканы қолдану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау», делінген дейді өрт сөндіру қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 43 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Түнде елордадағы «Авиатор» саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапқаны белгілі болды.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!