Жаңа облыстардағы мемлекеттік органдардың ғимараттары үшін 12 млрд теңге қажет

13:29, 13 маусым 2022
1434

Қазақстан. 13 маусым. 7kun.kz – Жаңа облыстардағы мемлекеттік органдардың ғимараттарын жөндеу және жалға беру үшін 12 млрд теңге қажет. Бұл туралы Энергетика министрі Әлібек Қуантиров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министрдің айтуынша, жақын арада мәслихаттар сессиясында облыстарды басқару схемасын бекіту мәселелері шығарылады. Осыдан кейін өңірлерде облыстық басқармалар құрылып, тиісті кадрлық тағайындаулар жүргізілетін болады.

Үкімет қайта құрылған және жаңадан құрылған облыстардың аумағында әкімдіктердің штат санының лимиттерін белгілейтін қаулы қабылдады. Мемлекеттік органдар құрылғаннан кейін бюджет пен коммуналдық меншікті аймақтар арасында бөлу жұмыстары басталады.

«Жалпы, жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті әкімшілік ғимараттары бар. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жөндеуге және жалға беруге қажетті бюджет қаражатының алдын ала көлемін белгіледі. Алдын ала жалпы қажеттілік шамамен 12 млрд теңгені құрайды», – деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттен де, республикалық бюджеттен де қосымша қаржы бөлінеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде ұсынылған мемлекеттік ведомстволардың құжаттары бойынша, Алматы облысына 16 нысан үшін 3,5 млрд теңге, Ұлытау облысына 17 нысан үшін 7,6 млрд теңге, Абай облысына 10 нысан үшін 839 млн теңге қажет.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!