Жамбылдық кәсіпкер Сбербанк пен «Даму» қорынан 74 млн теңге алды

16:55, 18 наурыз 2019

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Жамбыл облысында сатылатын «Богатое» күнбағыс майы өндіретін кәсіпорынның басшысы Болат Есенбаев Сбербанк пен «Даму» ҚДҚ» тарапынан 74 млн теңге көлемінде қаржылай көмек алды.

Қаржыландырудың мақсаты – күнбағыс майы өндірісі үшін қосымша жабдық сатып алу.

«Азық-түлік өнеркәсібін дамыту республика экономикасы үшін басым міндеттердің бірі болып табылады және Сбербанк әрқашан  болашағы зор жобаларды қолдауға дайын. Күнбағыс майы өндірісін кеңейту аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді. Біз үлкен дайындықпен бұл жобаны қолдадық, ол елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті
«Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының корпоративтік бизнес жөнідегі орынбасары Елдар Теңізбаев.

Жеке кәсіпкер Болат Есенбаев өз қызметін 2004 жылы
«Шымкентмай» АҚ компаниясында өсімдік майын сатудан бастаған. 2006 жылы ол өзінің жеке 2 өндірістік базасын іске қосты. Бүгінгі таңда Болат Маратовұлы Жамбыл облысында сатылатын
«Богатое» күнбағыс майын шығарады.

«Біздің кәсіпорын жоғары сапалы күнбағыс майын шығарады, осының арқасында сатып алушылардың сұранысы артуда. Біз өнім сапасын сақтай отырып, шығарылым көлемін арттырғымыз келеді. Сбербанк пен «Даму» ҚДҚ» тарапынан қаржылық көмек алып, біз кәсіпорнымыздың жабдығын жетілдіре және жаңарта аламыз. Бұл біздің кеңейіп келе жатқан кәсіпорнымыз үшін үлкен қолдау», – деді кәсіпорын басшысы Болат Есенбаев.

Жобаны қаржыландыру «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына септігін тигізеді және қазақстандық нарықтың шетелден сатып алу тәуелділігін азайтып, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.   


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!