Жамбыл облысында 70 млрд теңгенің жобасы іске асырылады

17:57, 6 желтоқсан 2019

Алматы. 06 желтоқсан. 7kun.kz — Жамбыл облысында фосфорлы трихлорид пен глифосфат өндірісін құру жоспарланып отыр. Жобаның құны 70 млрд теңгеге бағаланады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жаңа кәсіпорын «Тараз химиялық паркі» АЭА-да пайда болады.

«Жоба құрылыс-монтаж жұмыстары сатысында. Оның құны — 70,1 млрд теңге», – деп атап өтті мемлекеттік құрылымда.

Компания 2020 жылы жұмыс істейді деп күтіліп отыр. Іске қосылғаннан кейін сұйық түйіршіктелген түрде глифосфат өндірісін жолға қою жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 4 мың тонна дайын өнімді құрайды. Химия өнімдері ішкі нарыққа жеткізіледі, экспортқа шығару жағы әлі қарастырылмаған. К

Айта кетеік, кәсіпорында 409 жұмыс орны ашылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!