Зеленский Украинаны «смартфондағы мемлекетке» айналдырмақ

11:41, 24 мамыр 2019

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Зеленский мемлекеттік басқаруды цифрландырады. Ол бұл туралы кеше Киевте өткен iforum-да айтты.

Оның айтуынша шенеуніктер мен инновация екі түрлі әлем.

«Тіпті екі түрлі әлемде өмір сүретін сияқты», — деген ол үлкен өзгеріс керегін айтты.

«Диджиталдандыру – бұл тек қиын сөз ғана емес. Британ үкіметінің статистикасына сүйенсек диджитал құралдарды қолдану шенеунікпен сөйлесуден 50 есеге арзан екен. Мені аңқау арманшыл деп ойлайтын шығарсыздар, бірақ біз смартфондағы мемлекет жасағымыз келеді», -деді ол.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!