Зейнеткерден қарыз қайтаруға барған коллекторлар өліп қалды

11:38, 3 тамыз 2018

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – 15 шілдеде Дон трассасында BMW жол талғамайтын көлігінің ішінен үш ер адамның денесі табылды. Тергеу нұсқасы бойынша, азаматтардың қаза табуына саңырауқұлақтан улану себеп болған, деп хабарлайды Рамблер.

Кейіннен белгілі болғандай, қаза тапқандар коллектор болып жұмыс жасаған және қарыздарды қайтарумен айналысқан. Соңғы рет олар несиені төлеуді тоқтатқан Евдокия Кузминична Стародубоваға келген екен.

Стародубованың айтуы бойынша, қарызды қайтаруға келген коллекторлар дөрекі түрде баса-көктеп кіріп, зәбір көрсетеміз деп қорқытқан. Олардың бірі пеште тұрған сорпаны көріп қалып, астан ауыз тигізуді сұраған.

Бірлесе түскі ас ішу барысында коллекторлар борышкерді қорлауын тоқтатпаған. Ақшаның жоқ екенін түсінгеннен кейін, ер адамдар қарызды қайтару туралы құжаттарды қалдырып, зейнеткердің үйінен кетіп қалған, бірақ қайта оралуға уәде еткен.

85 жастағы Стародубова саңырауқұлақтар жинап, сорпа дайындағанын тергеушіге мәлімдеді. Коллекторлар кеткеннен кейін әлсіреп, фельдшерді шақыртқан, фельдшер зейнеткерден улану белгілерін анықтаған. Кейіннен зейнеткер ауруханаға жеткізілген.
Коллекторлар үшін бұл оқиға әлдеқайда сәтсіз аяқталды. Денелерінің салдануы салдарынан көмек сұрауға жағдайы келмеген олар дем жетпей, азаппен қаза тапқан.
Зейнеткерге қатысты тергеу тексерістері жүргізілуде, оған қатысты қылмыстық іс қозғалмайды, себебі  азаматша да саңырауқұлақтан уланды деп танылып отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!