Заңды тұлғалар банктегі шотынан қолма-қол ақшаны лимитпен алады

17:57, 21 сәуір 2020
7032

Қазақстанда 1 маусымнан бастап заңды тұлғалар банктік шотынан қолма-қол ақшаны лимитпен алады. Бүгін Ұлттық Банк заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергені туралы хабарлады.

Ұлттық Банк заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы үшін мына шекті соманы белгіледі:
 шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 млн теңге;
 орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 млн теңге;
 ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 млн теңге.

Бұл шарттар:
 жеке тұлғаларға;
 дара кәсіпкерлерге;
 микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
 ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, балық өсіру өнімін сатып алуды жүзеге
асыратын заңды тұлғаларға;
 тамақ өнімдерін, сусындарды, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Егер заңды тұлғалар дәлел ұсынса белгіленген лимиттен артық алуға рұқсат беріледі. Ол өтінімді банктер Мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!