YouTube модераторларының жұмысын қысқартады

14:04, 19 наурыз 2018
445

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — YouTube-тың вице-президенті Сьюзен Войжитски әлеуметтік желі модераторларымен бірге контентті қарау уақытын тәулігіне 4 сағатқа қысқартуды көздеп отыр. Бұл ақпарат Остиндегі тұтынушылар контентінің проблемасына арналған іс-шарады айтылды.

«Бұл расымен де проблема. Мен өзім де алдыңғы жылы осы контентті қарап шығу үшін көп уақытымды жоғалттым. Бұл өте қиын», – дейді Войжитски.

Войжитски модераторлардың уақытын қысқарту, олардың психикалық денсаулығына алаңдаушылыққа байланысты екенін атап өтті.

Федералды заңдар IT компаниясынан барлық контенттің екі сатылы модерациялануын талап етеді. Ол бақылау автоматты алгоритмдармен және бейнені адамдардың өздері қарай алатындығымен біріктіріледі. Бұрыннан бері YouTube авторлық құқықтың бұзылғандығын бақылайтын Content ID жүйесін қолданып келеді. Алайда, зорлық пен адам өлтіру бойынша жазбаларды адамдар өздері қарайды. Басылымның хабарлауына сәйкес, YouTube модератор қызметіне көбінесе психикалық денсаулығына байланысты ешқандай да ауытқуы жоқ қызметкерлер тағайындалады.

Айта кетерлігі, соңғы жылда компания фэйк видеолардың, қастандық әрекеттері мен діни өшпенділік кесірінен біраз сынның астында қалған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!