Яндекс.Таксиге Қазақстанның тағы 4 қаласы қосылды

13:49, 15 наурыз 2018

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Яндекс.Такси сервисі Талдықорған, Екібастұз, Теміртау және Жезқазғанда жұмыс істей бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Талдықорған, Екібастұз, Теміртау және Жезқазғанға барудың ең төменгі құны 150 теңгеден аспайды. Ол автокөлік жіберу мен 2 шақырым жолдан тұрады. Талдықорған, Екібастұз және Теміртауда – бір шақырым 50 теңге, Жезқазғанда – 60 теңгеден аспайды.

Мысалы, Талдықорғанда 180 теңгеге облыстық әкімдіктен теміржол станциясына дейін жетуге болады. Ал, Жезқазғандағы Ғарышкерлер саябағынан «Шынар» дүкеніне дейінгі жолақы шамамен 150 теңгені құрайды. Қала шекарасынан тыс жердегі әрбір километр үшін жолақы 90 теңгеден аспайды.

«Тапсырысты жылдамырақ жеткізе алатын жүргізушіге автоматты түрде жібере отырып, біз автокөлік жіберудің уақытын азайтамыз. Жолаушыны тасымалдау барысында сол жолдағы өзге де тапсырыстарды іздейміз. Осының бәрі жол жүрісінің құнын төмендетеді: жүргізушілер көп тауып, ал жолаушылар аз төлейтін болады», – дейді Қазақстандағы Яндекс.Такси директоры Тамирлан Шапиев.

Қызмет тек такси тұрақтары және диспетчерлік қызметтермен жұмыс істейді. Өтінімдерді таратқанда қосымшада жүргізушіге берілген бағалаулар және жасалған сапарлар статистикасына негізделген жүргізуші рейтингісі ескеріледі. Сонымен бірге, әр қалада қосымшаға бірнеше серіктес таксопарктен жүзден астам автокөлік қосылған.

Айта кетейік, Қазақстанда бұл қызмет 2016 жылы шілде айында пайда болды. Содан бері Яндекс.Такси еліміздің 20 қаласында, оның ішінде барлық облыс орталықтарында жұмыс істеп келеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!