ВТБ Банк (Қазақстан) 2019 жылға дивиденд төлемейтін болды

13:45, 3 маусым 2020

Ernst & Young компаниясының сараптауы бойынша ВТБ Банк (Қазақстан) 2019 жылғы таза табысы 4,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың нәтижесінен 10%-ға артық.

 2018 жылғы 31 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда банк активтері 19%-ға артып, 209 млрд теңгені құрады, капитал 2,2%-ға артты, ол 21,4 млрд теңгені құрады.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің жалпы әлемдік үрдістері мен нұсқаулықтарына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) акционері таза пайданы бөлмеу және 2019 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұл қосымша қор банкке ел экономикасын кредиттеу қарқынын арттыруға көмектеседі», – дейді бұл туралы ВТБ Банк (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

2019 жылдың қорытындысы бойынша аудиттелген есептілік деректеріне сәйкес банктің депозиттік қоржынының көлемі 28%-ға артып, 123,5 млрд теңгені құрады. Кредиттік портфель 122,9 млрд теңгеге дейін 25,6%-ға өсті.

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) ел банктері арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің бірі: ұзақ мерзімді «ВВ+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде. Рейтингтің өзгеру болжамы – «тұрақты».

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!