Ванкуверде әлемнің ең биік ағаш ғимараты салынады

10:55, 24 мамыр 2019
414

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Ванкуверде әлемдегі ең биік ағаш ғимарат салу жоспарлануда — ауданы 103.6 мың шаршы метр, 40 қабатты. Мұнда 200 пәтер, төменгі қабаттарда — кеңселер мен дүкендер, ішкі аулада — сауда залдары мен мейрамханалар орналасқан. Әр үш қабатты секцияда бақтар болады.

Жоба Perkins + Will архитектуралық бюросына тиесілі. Нысан отқа төзімді кросс-ламинатталған ағаштан тұрғызылады.

Бұл ретте лифтілер мен авариялық сатылар орналасқан ғимараттың бір бөлігін сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі үшін бетониен жасайды.

Айта кетейік, бұған дейін де Ванкувер әлемдегі ең биік ағаш ғимараты бар қала атанған. 2017 жылы мұнда 18 қабатты UBC Brock Commons мұнарасы ашылды. Бірақ Норвегияда биіктігі 85.4 метр болатын Mjøstårnet ғимаратының салынуына байланысты қала өз атағынан айырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!