Үш миллионға жуық қазақстандықтың кредитін кешіру жолы айтылды

17:27, 27 маусым 2022

Нұр-Сұлтан. 27 маусым. 7kun.kz – Сарапшылар үш миллионға жуық қазақстандықтың кредитін кешіру жолын атады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстанда кредиттің ең жоғары мөлшерлемесін қайта қарау ұсынылды.

Экономист Марат Әбдірахмановтың айтуынша, қазіргі 56% ставканы мүлдем тиімсіз. Ол азаматтық кодекс туралы заң бойынша несиелеудің шекті мөлшерлемесі экономикалық жолмен, соның ішінде Дүниежүзілік Банктің нормативтеріне сәйкес есептелуге тиіс екенін атап өтті.

«Бұл ставканың мөлшері Қазақстан экономикасының жалпы рентабельділігіне байланысты және одан жоғары бола алмайды. Ал бұл көрсеткіш 2021 жылы шамамен 20%-ті құрады. Мәселені шешу үшін Азаматтық кодекстің тиімсіз келісімдер бойынша барлық міндеттемені алып тастау туралы нормасын қалпына келтіру қажет», – деді эконмист.

Әбдірахманов 1999 жылға дейін қолданыста болған Азаматтық кодекстің осы нормасын қалпына келтірген жағдайда, 3 миллион адамның кредиті сот арқылы есептен шығарылатынын айтты.

Сарапшылардың пікірінше, ең жоғары ставканы «қайта қаржыландыру ставкасынан екі есе мөлшерде белгілеу керек».

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!