Үндістанда смартфон жарылып, 18 жасар қыз қаза тапты

11:18, 20 наурыз 2018

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Үндістанда 18 жасар қыз телефон арқылы сөйлесіп жатқан уакытта смартфоны жарылған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Оқиға Одиша штатында болған. Ума Орам есімді қыз смартфонын қуат көзіне қосып, танысына қоңырау шалады. Осы сәтте телефоны жарылып, қыз ауыр жарақаттармен аурухана түскен. Алайда дәрігерлер оны құтқара алмады.

Айта кетейік, 2017 жылдың қарашасында Франция тұрғыны Samsung Galaxy J5 смартфонының жарылып кеткенін хабарлаған болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!