Үндістанда электронды сигаретке тиым салды
Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Үндістан үкіметі электронды темекіге дереу тыйым салатынын жариялады. Қаржы министрі Нирмала Ситхараман бұл шара өндіріс, импорт, экспорт, тасымалдау, өткізу, тарату, құрылғыны сақтау, сондай-ақ вейп жарнамасына қатысты екенін атап өтті.
«Бұл шешім электронды темекінің бүгінгі жастарға тигізетін әсерін ескере отырып қабылданады», — деп хабарлады министрлікте. Шенеунік АҚШ-тың орта мектептерінің оқушылары арасында электрондық темекі қолданудың өсуі 48,5%-ды құраған американдық статистикаға сілтеме жасады.
Үндістанда 106 млн ересек темекі шегушілер бар. Бұл ретте, тыйым салу электронды темекі өндіру жөніндегі компаниялардың жабылуына алып келуі мүмкін екеніне қарамастан, темекі корпорациялары өз қызметін жалғастырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жылына 1 млн үнділік шылымның кесірінен қайтыс болады.
Электрондық темекіге тыйым салу Парламенттің ресми мақұлдауын талап етеді. Заң қабылданған жағдайда, бұзушылық үшін жаза ретінде бір жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау және 100 000 рупий (1405 доллар) айыппұл салынады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл