Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерге бір реттік төлемдер теңестіріледі

14:37, 8 қараша 2019

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және «ҚР Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесімен Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы төлемдердің бірдей сомасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, тарихи миссияys орындаған және фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарға құрмет көрсету — жалпы мемлекеттік ауқымдағы міндет. Күш-жігерімізді оларды жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағыттау қажет. Бірде-бір ардагер назардан тыс қалмауы керек», — деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Үкімет үйінде премьер-министр орынбасарының төрағалығымен Қазақстан Республикасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов тиісті іс-шаралар жоспарының жобасы туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, мерейтойлық Жеңіс жылы: әскери шеру өткізу; ҰОС жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерілмеген көмінділерін және жойылмаған қалдықтарын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу; ардагерлердің ТМД елдері аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысуы; ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету; мерейтойлық медальдарды тапсыру; мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру.

Жоспар жобасында 67 іс-шараны іске асыру қарастырылған.

Бердібек Сапарбаев әрбір облыста Жеңіс мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!