Ұлттық валюта долларға шаққанда 0,87 теңгеге қымбаттады

11:40, 22 маусым 2018

Алматы. 22 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 22 маусымындағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 340,11 теңгені құрады. 21 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (340,98 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,87 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 339,31 теңге, ең жоғары – 341,18 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 341,18 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 130 млн 700 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 122.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 342 теңге, Алматыда – 342,2 теңге деңгейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!