Ұлттық валюта долларға шаққанда 0,34 теңгеге арзандады

11:33, 21 маусым 2018

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 21 маусымындағы Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 340,98 теңгені құрады. 20 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (339,64 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 0,34 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 340,75 теңге, ең жоғары – 341,20 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 341,10 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 51 млн 550 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 118.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 342,3 теңге, Алматыда – 343 теңге деңгейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!