Ұлттық валюта бағамы тұрақты: 1 доллар — 330,91 теңге

12:26, 19 қаңтар 2017
736

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 19 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 330,91 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,60 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,65 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 40 млн 800 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 92.

Ақша айырбастау орындарында 19 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 332 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!