Ұлттық қордың түсімі бір жылда 21 пайызға дейін қысқарды

10:46, 18 сәуір 2018
324

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Ұлттық қорға келіп түсетін қаржы көлемі бір жылда 21 пайызға дейін қысқарып, 2018 жылдың алғашқы кварталында 467 млрд теңгені құрады деп жазады finprom.kz.

Ұлттық қорға түскен қаржының 97 пайызы мұнай секторына тиеселі. 2018 жылдың наурызында Ұлттық қордағы жалпы қаржы көлемі 22,6 трлн теңгеге тең болды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,2 пайызға аз.

Жалпы 2017 жылдың қорытындысы бойынша қорда 22,9 трлн теңге болды. Ал 2016 жылды Ұлттық қор 23,9 трлн теңгемен аяқтаған еді.

Наурыздағы есеп бойынша, Ұлттық қордың түсімі 592,3 млрд теңгеден 467 млрд теңгеге дейін қысқарған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!