Ұлттық қордың кірісі рекордтық деңгейге жетті

14:32, 23 шілде 2019

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Ұлттық қордың табысы 2019 жылдың алты айының қорытындысы бойынша бір жылда 3 есе артып, 2 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom.

Түсімдердің едәуір ұлғаюының себебі инвестициялық кірістегі айырмашылық болды. Ағымдағы жылдың алты айында қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 405,6 млрд теңгені құрады, ал 2018 жылдың осы кезеңінде 785,4 млрд теңге мөлшерінде шығын тіркелді.

Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар 1,5 трлн теңгені немесе 77,7%-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда (1,4 трлн теңге) 10,5%-ға артық.

Республикалық меншіктегі және тау-кен және өңдеу салаларындағы мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер бір жыл ішінде 78,5%-ға — 8,1 млрд теңгеден 14,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Өз кезегінде Ұлттық қордың 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шығыстары бір жыл ішінде 26,2%-ға артып, 1,8 трлн теңгеге жетті. Ал 2018 жылдың ұқсас кезеңінде шығыстар бір жылда 9,9%-ға төмендегенде 1,4 трлн теңгені құрады.

Сондай-ақ, Ұлттық қордың қаражаты маусым айының соңында 26,2 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 18,6%-ға көп.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!