Ұлттық компаниялар таза кірістерінен 100 пайызға дейін мемлекетке дивидент төлеуі тиіс — Тоқаев

18:53, 23 наурыз 2020
5347

Ұлттық компаниялар таза кірістерінен 100 пайызға дейін мемлекетке дивидент төлеуі тиіс. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі сәтте теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруға қол жеткізу маңызды. Осы мақсатта Ұлттық банкке, Үкіметке және квазимемлекеттік компаниялардың басшыларына квазимемлекеттік сектор субектілерінің экспорттық түсімдерінің бір бөлігін елдің валюта нарығында міндетті түрде сатуын қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттемелерге байланысты квазимемлекеттік компаниялардың валюталық депозиттерін Қазақстанның қаржы жүйесіне кезең-кезеңімен қайтарудың жоспар-кестесін түзуді тапсырды. «Ұлттық компаниялар өткен жыл үшін таза кірістерінен 100 пайызға дейін мөлшерде мемлекетке дивидент төлеуді жүргізуі тиіс деп санаймын», — деді ҚР Президенті.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!