Ұлттық банктің «Online» мобильдік қосымшасында «Жұмысқа орналасу» бөлімі пайда болды

10:58, 17 мамыр 2017

2017 жылғы 16 мамырдан бастап ҚР Ұлттық Банкінің Online мобильдік қосымшасында «Жұмысқа орналасу» деген жаңа бөлім іске қосылды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бөлімде пайдаланушы Ұлттық Банкке жұмысқа қабылдау рәсімдері және іріктеу кезеңдері бойынша сұрақтарға шұғыл түрде жауап алады. Сонымен бірге, ЖОО студенті немесе магистранттары Ұлттық Банкте практикадан өту мәселесі бойынша түсіндірме ала алады.

«ҚҰБ «Online» сервисі 2016 жылғы қарашада іске қосылған. Ол Ұлттық Банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен шұғыл өзара іс-қимыл жасауға арналған. «ҚҰБ «Online» Whatsapp, Viber немесе Telegram сияқты танымал серверлерге ұқсайтын заманауи мессенджер. Ол арқылы пайдаланушы Ұлттық Банкке сұрақтарымен, проблемаларымен, ұсыныстарымен тікелей өтініш жасай алады.

«ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!