Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 2018 жылы 1,1 пайызға өсті

13:50, 17 сәуір 2018
369

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша наурыздың соңында 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері өсу 1,1% болды. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыздың соңында 59,3 млрд АҚШ доллары болып бағаланды. Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1,5%-ға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 90,4 млрд АҚШ доллары болды», – деді Д. Ақышев.

Ол 2018 жылғы екі айда ақша массасы 3,9%-ға қысқарғанын қоса айтты. Оның құрылымындағы депозиттер көлемі 16,9 трлн теңгеге дейін 3,5%-ға азайды. Шетел валютасындағы салымдар 8,6%-ға қысқарды, теңгемен салымдар 1,1%-ға өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 45,2%-ға дейін төмендеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!