Ұлттық банктің акциялары 3 пайызға қымбаттады

11:46, 27 наурыз 2017
386

 Қазақстан (KASE) мен Лондонның (LSE) қор биржасында Ұлттық банктің акциялары қымбаттады. Бұл туралы LS хабарлады.

24 наурыздағы сауда нәтижесінде эмитенттің (Ұлттық банк — ред.) құнды қағаздары отандық биржада 3,2 пайызға өсіп, оның бағысы 56,78 теңгені құрады.

Лондон биржасында да аздаған өсім байқалды (+0,28%).

Cонымен бірге, KASE-де «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» мен «ҚазТрансОйл» акциялары да 0,1 пайызға қымбаттап  жасыл аймақта қалды.

KASE-нің басқа эмитенттерінің акциялары өткен аптада құнын жоғалтты. Мысалы, KAZ Minerals 5,2 пайызға арзандап, қағаздарының құны 1913 теңге болды. Артынша, Kcell (-1,3%) мен «БАСТ» (-0,9%) акциялары да төмендеді.

 

Жалпы алғанда KASE индексі 0,51 пайызға түсіп, 1565,20 пункті құрады.

 

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!