Ұлттық банк: 2017 жылы инфляция 6-8 пайыз аралығында болады

15:02, 11 қаңтар 2017
697

Ұлттық Банкте Қазақстанның сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізілді. Онда Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты, макроэкономикалық көрсеткіштер туралы болжамдар, базалық мөлшерлемеге қатысты шешімдер мен т.б. мәселелер талқыланды, деп хабарлайды  қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

2016 жылы инфляцияға кейбір тауарлардың бағасына мемлекеттік бақылаудың алынып тасталғаны, көрші елдердегі бағаның жоғары болуы, әлемдік нарықтағы баға өзгерістері әсер етті дейді Ұлттық банк өкілдері. Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкиннің айтуынша, 2017 жылдың басында  осы факторлардың инфляцияға ықпалы төмендейді.

«Тауар және валюта нарығында қазіргідей жағдай сақталса, Ұлттық Банктің болжамы бойынша 2017 жылы инфляция айтарлықтай төмендемейді. Бірақ оны  6-8 пайыздық инфляция дәлізінің ішінде ұстап тұрамыз», – деп толықтырды В.Тутушкин.

Сонымен қатар, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болады, — дейді ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова. Оның ойынша, бағамның күнделікті ауытқуында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

«Нарықта әлі де теңгедегі банкноттар шектен тыс артық. Дағдарыстың туындауына және инфляциялық қысымды күшейтуге жол бермеу үшін Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды шығарады», —  деді департамент директоры.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!